1 қыркүйек Білім күніне орай маңызды шара өтті!!!
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде Жаңа оқу жылының басталуына және Білім күніне орай оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында “Қауіпсіздік - бала өмірінің кепілі” тақырыбында арнайы профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар мен ұстаздар қауымына арнайы баяндама жасалып, жаңа оқу жылындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығына тоқталып, мектеп аумағындағы және қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін түсіндіріп, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы құнды ақпарат берілді.
1-сынып оқушыларына арналған ерекше дәріс!
Мектеп табалдырығын алғаш аттап жатқан 1-сынып оқушылары үшін бұл күні арнайы «Полиция және балалар» атты танымдық дәріс сабағы өткізілді. Бүлдіршіндерге мектеп өміріндегі алғашқы қауіпсіздік сабағы өте қызықты әрі мазмұнды түрде ұйымдастырылды.
Дәріс барысында балаларға келесі маңызды сұрақтар бойынша жан-жақты түсінік берілді:
Қауіпсіздік негіздері: Мектепте және күнделікті өмірде өзін қалай ұстау керектігі;
Жолдағы қауіпсіздік ережелері: Көшені дұрыс кесіп өту, бағдаршам белгілеріне бағыну;
Бейтаныс адамдардан сақтану: Өзге адамдардың көлікке отыруға немесе белгісіз жаққа баруға шақырған ұсыныстарынан бас тарту жолдары;
Төтенше жағдайдағы әрекеттер: Көмек қажет болған жағдайда кімге жүгіну керектігі және шұғыл қызметтердің (102, 112) нөмірлерін білу маңызы.
Шара соңында оқушыларға арнайы дайындалған «Полиция және балалар» атты тақырыптық бетшелер таратылды. Оқушылар бұл бетшелерді қызығушылықпен бояп, қауіпсіздік ережелерін шығармашылықпен ұштастырды. Сурет арқылы алған білімдерін пысықтап, өздерінің алғашқы мектептегі жұмыстарын қуанышпен орындады.
Мұндай іс-шаралар балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың өмірлік қауіпсіздігіне баса мән беруге, жауапкершілікті ерте жастан сезінуге мол септігін тигізеді.












