Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы №340 «Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» бұйрығы:
1. 2020-2021 оқу жылының басталуы – 2020 жылғы 1 қыркүйек
2. Оқу жылының ұзақтығы 1- сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 сыныптарда -34 оқу аптасы.
3. Оқу жылының барысындағы каникул кезеңдері:
1-11 сыныптарда
- күзгі каникул 10 күн (2020 жылғы 5-14 қараша аралығында); қысқы каникул -11 күн (2020 жылғы 31 желтоқсан -2021 жылғы 10 қаңтарды аралығында);
- көктемгі каникул -12 күн (2021 жылғы 20-31 наурыз аралығында);
- 1 сыныптарда қосымша каникул – 7 күн(2021 жылғы 8-14 ақпан аралығында);
4. Оқу жылының аяқталуы - 2021 жылдың 25 мамыры.












