1 қыркүйек – Білім күніне орай мектебімізде сынып жетекшілер «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.

Сынып сағатының негізгі мақсаты – білім алушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, елдің заңдары мен мемлекеттік құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болды.

Шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы жан-жақты мағлұмат алып, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар «Адал азамат», «Зерделі ұлт», «Жауапты қоғам» ұғымдарының мәні талқыланып, жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігі мен ел болашағына қосар үлесі туралы пікір алмасты.

Сынып сағаты оқушылардың бойында патриоттық сезімді, азаматтық жауапкершілікті, адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталды.

Адал азамат – әділетті қоғамның негізі!

Зерделі ұлт – жарқын болашақтың кепілі!

Жауапты қоғам – мықты мемлекеттің тірегі!