2026 жылғы 1 қыркүйек күні Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына орай «Білім» күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты шараға мектеп ұстаздары, 1–11 сынып оқушылары, ата-аналар және құрметті қонақтар қатысты.
Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп, Әнұранын орындаумен басталды. Іс-шара барысында Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық жолын дәріптейтін тағылымды көрініс қойылып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушыларына ерекше құрмет көрсетілді.
Мектеп директоры Каменова Алтын Тілекқабылқызы оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, арнайы келген қонақтар да құттықтау сөз сөйлеп, жас ұрпаққа ақ жол тіледі.
Мерекелік шара ән мен биге ұласып, бірінші сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Шараның ең әсерлі сәті — жаңа оқу жылының басталғанын білдіретін алғашқы қоңыраудың соғылуы болды.
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің ұжымы барша оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім жолында биік белестер мен толағай табыстар тілейді!
Жаңа оқу жылы құтты болсын!
https://altynsarin-kurmangazy.testim.kz/kz/zha-aly-tar/204-bilim-k-nine-arnal-an-saltanatty-zhiyn.html#sigFreeId5c714c955a












