Мектебіміздің медбикесі Назгуль Мизамовна оқушылардың ауыз қуысының гигиенасын сақтау дағдыларын қалыптастыру және тіс күтімінің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында ақпараттық-профилактикалық бейнероликтер көрсетті.
Бейнероликтер барысында ауыз қуысының күнделікті гигиенасын сақтау, тісті дұрыс тазалау тәртібі, дұрыс тамақтану және тіс ауруларының алдын алу жолдары туралы пайдалы ақпараттар берілді.
Шараның басты мақсаты – оқушылардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру болды.












