Ы Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде 1 қыркүйек Білім күніне орай «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды. Жекелеген сыныптар оқу кабинеттерінде оқушылардың өмірге, табиғатқа құштарлығы мен патриоттық сезімдеріне әсер етерлік сұрақ-жауаптар аясында пікір алмасып отырды. Достық, шындық, әділдік, адалдық ұғымдарына түсінік берілді. Әрбір сынып жас ерекшеліктеріне байланысты жаз бойғы сағыныштарын баса алмай бір-біріне деген сағыныштары арқылы шынайы пікір білдіріп, тілектерін айтты. Өмірге адал, шынайы көзқараспен қарау әрбір шәкірттің бойынан табылатындығын «Адалдық сағаты» арқылы біраз жеткіздік. Шараларға «Жаңаталап» ауылдық округ кеңесшісі С Құбашов, ардагерлер кеңесінің төрағасы С Сапарғалиев, мектеп директоры Б Сайыпов, МДТЖО А Каменова мен Г Аташева қатысып отырды. Сыныпта шараны өткізуде белсенділік танытқан 1абв, 2ав, 9в, 8а сынып жетекшілері Хасанова Д, Досмұханбетова Ү, Шиямеденова Б, Қадырбекова А, Ризуанов Л, Тасимов А, Жұмағалиева Г ерекше атап өтуге болады.
https://altynsarin-kurmangazy.testim.kz/kz/zha-aly-tar/147-bilim-k-nine-oraj-tkizilgen-adaldy-sa-aty.html#sigFreeId6bd8f0109a












