«Батырлар күні» аясында жас ұрпаққа батыр бабаларымыздың ерлік жолын насихаттау, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында «Ерлік сабақтары» өткізілді. Өскелең ұрпаққа ел тарихын таныту, батыр бабаларымыздың ерлік жолын дәріптеу және жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымымызда бірқатар танымдық әрі тәрбиелік іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, «Ерлік – елдің мұрасы» атты квест-ойын және интерактивті зияткерлік сайыс ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар қазақ халқының батырлары мен ел қорғаған қаһармандары туралы білімдерін ортаға салып, түрлі танымдық тапсырмалар мен сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, «Есімдері ел есінде» форматында TEDx стиліндегі пікірталас алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар ел тарихында өшпес із қалдырған батырлар мен қаһармандардың ерлігі туралы өз ой-пікірлерін білдірді. Арнайы қонақпен кездесу барысында оқушылар ерлік, елжандылық, Отанға деген сүйіспеншілік және азаматтық жауапкершілік туралы тағылымды әңгіме өрбітті. Өткізілген шаралар жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және елге қызмет етудің маңызын түсінуге зор ықпал етті. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі! Өскелең ұрпаққа ел тарихын таныту, батыр бабаларымыздың ерлік жолын дәріптеу және жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру мақсатындамектебімізде бірқатар танымдық әрі тәрбиелік іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда,5 сыныптарға жетекшілері Гилманова А және Маратова А «Ерлік – елдің мұрасы» атты квест-ойын және интерактивті зияткерлік сайыс ұйымдастырды. Шара барысында оқушылар қазақ халқының батырлары мен ел қорғаған қаһармандары туралы білімдерін ортаға салып, түрлі танымдық тапсырмалар мен сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар,11 сыныптарға жетекшілері Қонысова А, Жардемова Л, Хайрлиева А «Есімдері ел есінде» форматында TEDx стиліндегі пікірталас алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар ел тарихында өшпес із қалдырған батырлар мен қаһармандардың ерлігі туралы өз ой-пікірлерін білдірді. Арнайы қонақ Саапарғалиев Серік Саханұлымен кездесу барысында оқушылар ерлік, елжандылық, Отанға деген сүйіспеншілік және азаматтық жауапкершілік туралы тағылымды әңгіме өрбітті. Өткізілген шаралар жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және елге қызмет етудің маңызын түсінуге зор ықпал етті. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі!