2018 – 2019 оқу жылының басынан мектебімізде оқушыларды ыстық тамақпен қамту мақсатында жұмыстар жүргізіліп отыр. «Орта білім ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалармен ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №717 бұйрығына енгізілген өзгерістермен танысып, жүзеге асыру мақсатында , мектеп директорының  бұйрығымен ыстық тамақты сапалы берілуін қадағалау мақсатында комиссия құрылды. Комиссия төрағасы болып мектеп басшысы тағайындалды . Комиссия құрамы 7 адамнан тұрады. 


Мектеп медицина қызметкерлері дайын тағамның дәмін, дайындалуын анықтау мақсатында органолептикалық бақылау жүргізеді және  асхана қызметкерлерінің медициналық тексеруден уақытылы өтуін қадағалайды. Аспазшы күнделікті дайын тамақтың тәуліктік сынамасын алып отырады. Айына 1 рет тамақтың сапасын мерзімдік бақылау үшін брокераж комиссиясы құрылды.

Комиссия құрамы 5 адамнан тұрады.


Биылғы оқу жылында Ип  «Зере» Куаншалиев Ақылбек   қызмет көрсетіп отыр.


ІІІ оқу тоқсаны  бойынша мектеп жанынан ұйымдастырылған ыстық тамақпен 1-4 сыныптар бойынша  түгел -284 , 5-11 сыныптар бойынша аз қамтылған 16 оқушы  барлығы – 300 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр.   


Оқушылардың тәртібін, уақытында ыстық тамақпен қамтылуын бақылайтын мұғалімдердің кезекшілік кестесі шығарылды.


Мектеп асханасы 108 орынға арналған. Тамақтың ас мәзірін, асхана тазалықтарын мектеп медбикесі Н. Рахимгалиева бақылап отырады.