6 ақпан  2020жыл

ЫАлтынсарин  атындағы  жалпы  орта  мектебі  бойынша  «Қамқоршылық»  кеңесінің  кезектен  тыс  отырысы  болып  өтті.

                                                             Кеңес  басшысы: Т Шияпов

Хатшысы: А Каменова

Қатысқандар  саны:17

 

Күн тәртібінде:

      АББ-нің  05.02.2020ж  08-04-01-1/134 санды  хатына  сәйкес  «Балдәурен-Қапшағай» оқу сауықтыру  орталығына оқушы  жіберу  туралы   Әлеуметтік  педагог  С Захарбаева

 

Тыңдалды:

1.Әлеуметтік  педагог:  Захарбаева  Сауле

АББ-нің  05.02.2020ж  08-04-01-1/134 санды  хатына  сәйкес  «Балдәурен-Қапшағай» оқу сауықтыру  орталығына  оқушы  жіберу  туралы  тапсырма  келген  болатын. Онда  оқушының  денсаулығы, әлеуметтік  жағдайы,  жан-жақты  қабілеті,  жетістігі  ескерілу  керектігі  көрсетілген. Тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасар,  лагерь  жетекшісі А Каменова, тәлімгер  М Ишанова, медбике  Н Рахымғалиева  және  өзім  әлеуметтік  жағдайына  байланысты  топтастырылған  тізімдерді  саралай  келе  9а сынып  оқушысы  Асхат  Аяулымды  ұсынып  отырған  жайымыз  бар.  Оқушының  денсаулығы  да  көрсетілген  параметрлер бойынша  зерделеп,  ешқандай  медициналық   комиссияда  жоқ  екендігі,  әлеуметтік  жағдайы  жартылай  жетім, аудандық, облыстық,  республикалық  деңгейде  ғылыми  жобалар  мен  спорт  бағытындағы   жетістіктерін  анықтай  отырып  осы  «Қамқоршылық»  кеңесінің   отырысына  ұсынып  отырмыз. Басқа   оқушыларымыздың  көпшілігі  денсаулығына  байланысты  медициналық  есепте  тұрғандығы,  не  болмаса  әлеуметтік  деңгейі  сәйкес  келмегендігін  назарларыңызға  ұсынамыз.

 

Сөйлеушілер:

  1. «Қамқоршылық» Кеңесінің  төрағасы: Шияпов  Талапқали

Кеңестің  отырысына  ұсынылып  отырған  оқушылардың  тізімін  көріп отырмыз. Осы  комиссия  құрамы  жан-жақты  сәйкестігін  қарай отырып,  9а сынып  оқушысы Асхат  Аяулымның  «Балдәурен-Қапшағай» оқу  сауықтыру   орталығына  баруына  еш  қарсылығымыз  жоқ,  бірауыздан  мақұлдаймыз.

 

  1. «Қамқоршылық» Кеңесінің  мүшесі: Сағинғалиева  Нұрбике

АББ-нің  жанынан  келген  хаттың  негізін  басшылыққа  ала  отырып, 9а сынып  оқушысы  Асхат Аяулымның   жаз  мезгіліндегі  «Қапшағай» лагерге  баруын  қолдаймыз.  Оқушының  жан-жақты  жетістігі  бар  екен,  диплом,  алғыс  хаттарының  көшірмелерін де  көріп  отырмыз. Әлеуметтік  жағдайы  мен  мен  жасы  сәйкес  келіп  тұр,  аман  барып  келуіне  тілекшіміз.

 

  1. «Қамқоршылық» Кеңесінің  мүшесі, 

мектеп   инспекторы:  Жексенбаева  Арайлым 

 

«Балдәурен-Қапшағай» оқу сауықтыру  орталығына  Асхат Аяулымныңаудандық, облыстық,  республикалық  деңгейде  ғылыми  жобалар  мен  спорт  бағытындағы   жетістіктері сәйкес  келеді, тәртібі мен  тәрбиесі  де  жақсы,  қарсылығым жоқ. Іс сапар  кезінде  өмір  қауіпсіздігі  мен  жеке    басының   тазалығын  сақтау  шараларын да  бақылауға  алу  керек  екендігі   назарда  болсын.

 

4.Қуанышбаева   Нұргүл- сынып  жетекшісі

 «Балдәурен-Қапшағай» оқу сауықтыру  орталығынаАсхат Аяулымның  баруына  әлеуметтік  жағдайы,  денсаулығы мен  құжат  негіздері  бойынша  сәйкестігі  естіп отырмын. Әкесі Асхатпен  байланыс  жасай отырып, медициналық  сараптамадан тиянақты  өтуіне, уақытында  баруына,    құжаттарының  жинақталуын  қадағалап  отырамын.

 

 

 

Қаулы:

1.АББ-нің  05.02.2020ж  08-04-01-1/134 санды  хатына  сәйкес  «Балдәурен-Қапшағай» оқу сауықтыру  орталығына 9а сынып  оқушысы  Асхат Аяулымның  баруына  әлеуметтік  жағдайы,  денсаулығы мен  құжат  негіздері  бойынша  сәйкестігі  мақұлдансын  және  сұраныс  жіберілсін.

  1. Оқушы Асхат Аяулымды уақытында  жан-жақты  дайындықпен  лагерьге  жіберу  әкесі  Тұрдалиев  Асхат  пен   сынып  жетекшісі  Қуанышбаева   Нұргүлге  міндеттелсін.

 

Кеңес  басшысы:                    Т Шияпов

 

Хатшысы:                            А Каменова