3 желтоқсан 2019жыл
Ы Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі бойынша «Қамқоршылық» кеңесінің жиналысы болып өтті.
Жиналыс басшысы Т Шияпов
Жиналыс хатшысы А Каменова
Қатысқан: 12 адам
Күн тәртібінде:
1.Дәстүрлі Президенттік шыршаға оқушыны қатыстыру туралы
Әлеуметтік педагог С Захарбаева
Тыңдалды:
1.Әлеуметтік педагог Захарбаева Сауле
Президенттік Жаңа Жылдық шыршаға мектебімізден әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасынан шыққан, әрі жартылай жетім шкаласына сәйкес келетін оқушы 7сынып оқушысы Шынтасқызы Диананы ұсынып отырмыз. Себебі Шынтасқызы Диана мектеп, аудан, облыс, республикалық спорттық шараларға белсене қатысып жүрген, жүлдегер оқушы. Осы оқушының категориясы толықтай сәйкес келетіндігін назарларыңызға ұсынамын. Алқа кеңесінде қаралып, «Қамқоршылық» кеңесіне ұсынып отырмыз.
Сөйлеушілер:
1.Сағынғалиева Нұрбике «Қамқоршылық» кеңесінің мүшесі
Президенттік шырша жыл сайын ұйымдастырылып жүрген дәстүрлі шара. Әрине әлеуметтік жағдайы ескерілуі керек. Сіздердің ұсынып отырған оқушы Диана отбасы жағдайы бәрімізге мәлім. Ешқандай қарсылығымыз жоқ, талапқа сәйкес келеді.
2.Сұлтанов Болат «Қамқоршылық» кеңесінің мүшесі
«Қамқоршылық» кеңесінің отырысында осындай әлеуметтік жағдайына байланысты көмек беру, лагерьге жіберу, шыршаға қатыстыру бұрында да қаралып жүр, түсінікті мәселе. Құбаев Шынтастың қызын ұсынып отырмыз, әрине дұрыс, оқушының әкесі былтырғы жылы уақыт етті, анасы жұмыссыз, әрі көп балалы отбасы, жағдайын ескеріп отырғанымызға қуанып отырмын. Диананың спорттан жетістігі көп екен, яғни талапқа сәйкес келіп тұр.
3 Шияпов Талапқали «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы
Кеңес мүшелері тыңдап отырмыз, Шынтасқызы Диананың әлеуметтік жағдайы Президенттік шырша қатысуға сәйкес келіп тұр, қарсы емеспіз, бірауыздан мақұлдаймыз.
Қаулы:
1.Президенттік Жаңа Жылдық шыршаға Шынтасқызы Диананы қатыстыру бірауыздан мақұлдансын.
Жиналыс басшысы Т Шияпов
Жиналыс хатшысы А Каменова












