Хаттама №3
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі бойынша 2019 жылдың
3 қыркүйек күні жалпы «Қамқоршылық» кеңесінің ата-аналармен бірлескен жиналысы өтті.
Жиналыс төрағасы – Т Шияпов
Жиналыс хатшысы – М.Ищанова
Қатысқан ата-ана саны: 136 адам
Жиналысқа қатысқан:
1.Сайыпов Болатбек - мектеп директоры
2.Зинуллина Пакиза – оқу ісі жөніндегі орынбасары
3.Каменова Алтын- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
4.Аташева Гүлжаухар - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Нұрғалиева Айсұлу - мектеп психологы
- Жексенбаева Арайлым- мектеп инспекторы
Шияпов талапқали – округ бас ветеринар маманы «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы
Мүшелері:
- Хусайынов Нұрлан – мәслихат депутаты
- Құбаев Булат – ата-аналар кеңесінің мүшесі
- Құбашов Самиғолла – «Жаңаталап» округ әкімінің кеңесшісі
- Жақсымбетова Меңсұлу – бас маман
- Сағынғалиева Нұрбике – округ маманы
- Жексенбаева Арайлым – мектеп инспекторы
- Сұлтанов Болат – кәсіпкер
- Айтқалиев Мұқтар – кәсіпкер
КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕР
- Өткен оқу жылының қорытындысы және міндеттері. Баяндамашы: Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – А.Каменова
- 2019-2020 жаңа оқу жылының ата-аналар құрамы. Баяндамашы: Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – А.Каменова
- Жалпыға бірдей міндетті оқу айлығы. Мектеп директоры – Б.Сайыпов
- Міндетті мектеп формасы. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – А.Каменова
- Атырау облысы Білім беру басқармасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 3 тамыздағы № 19-41-11/99 хатын басшылыққа алу, яғни оқушылардың букмекерлік ставкаларға және құмар ойындарға қатысудың алдын алу мәселесін аса бақылауға алу жөнінде ата-аналарға түсіндіру. МДТЖО – А.Каменова
ТЫҢДАЛДЫ:
І. Күн тәртібіндегі І, ІІ -ші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Каменова қорытынды жасады.
ІІ. Күн тәртібіндегі ІІІ – ші мәселе бойынша мектеп директоры Б.Сайыпов міндеттерін түсіндірді.
ІІІ. Күн тәртібіндегі ІҮ-ші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Каменова міндеттерін түсіндірді.
ІҮ. Күн тәртібіндегі Ү-ші мәселе бойынша МДТЖО- А.Каменова Букмекерлік кеңестер мен тотализаторлар жұмысы бойынша анықтамалар арқылы түсінік беріп өтті.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
- Айтқалиева Баян ата- ана
Саламатсыздарма ата-аналар. Бүгінгі жалпы ата-аналар жиналыстағы мәселелердің барлығы түсінікті. Баланың өмірі, қауіпсіздігі бәрімізге ортақ. Мектебімізде оқушылардың тәртібі жақсы, дегенменде үйден қадағалап, сұрап отыруымыз керек. Балаларымыздың формасын қадағалап кигізіп отырмын.
Сұрақ: Біздер Жасарал шалғай елді мекенінде тұрамыз, автобус қашан жүреді. Балаларымыз білім алу керек.
Жауап: Саламатсыздарма ата-аналар! Жаңа автобусымыз бар, енді шофер жоқ болуына байланысты оқушыларды тасымалдай алмай отырмыз. Бұл мәселені аудан, округ әкімшілігі болып қарастырып жатырмыз. 1-2 күнде автобус жүреді деп сенім білдіреміз.
- Қабдолов Қадырбек ата-ана
Саламатсыздар ата-аналар, ұстаздар. Жиналыстағы күн тәртібіндегі мәселелер бәрімізге түсінікті. Бүгінгі жиналысқа келу себебіміз мақсатымыз бала өмірінің қауіпсіздігі, өмірі жөнінде нақты айтып өтті.Баламыздың дені сау болуы денсаулыққа байланысты. Бәрімізде бала үшін өмір сүріп жүрген ата-анамыз.білім алуына, тәрбиесіне ата-ана, мұғалімде бәрімізде жауаптымыз. Сабақтан себепсіз қалдырмай сабаққа жіберіп отырамын. «Қамқоршылық» кеңесінің құрамына еш қарсылығым жоқ, мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысқа ықпалын тигізіп отыр.
Сұрақ: Балам 10 сынып оқиды қазіргі кезде жаратылыстану бағыты мен гуманитарлық бағытқа оқу үшін пәнді өздері таңдайды дейді.Осыны түсіндіріп жіберерсіздер
Жауап: ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 205 бұйрығымен бекітілген. 10-сыныптарға арналған үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу бағытына қарамастан барлық білім алушыларға ортақ пәндер тізімі анықталды. Жаңа ҮОЖ-да «бейіндік» деген термин қолданылмайды, себебі қоғамдық – гуманитарлық бағыт және жаратылыстану-математика бағыты-бейіндер емес, бағыттар болып табылады. Стандартты және тереңдетілген деңгейдегі пәндерді таңдау арқылы бейінді білім алушылардың өздері анықтайды. 10-сыныпта Үлгілік оқу жоспарында міндетті пәндер саны қысқарды, білім алушыларға олардың жеке қызығушылықтары мен бейімділіктерінің дамуын қамтамасыз ететін пәндерді таңдауға максималды құқық берілді. Тереңдетілген деңгейдегі 2 міндетті және стандарттық деңгейдегі 2 міндетті пәнді таңдау енгізілді. Қоғамдық –гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптар үшін оқу пәндерінің орналасуы әртүрлі.
- Марданова Қарлыға – ата-ана
Құрметті ата-аналар, ұстаздар!Бүгінгі жиналысқа қатысып отырмын, жиналыстағы айтылған мәселелердің барлығы түсінікті. Осы мектепте балаларым білім алып отыр,сабақтарына қатысып тұрамын. Үйден де сабақтарын қадағалап, сабақтан қалдырмай сабаққа жіберіп отырамын. Баламның тәртібін сұрап отырамын, үйденде тәртібіне қадағалап, көшеге мезгілсіз уақытта шықпауын қадағалаймын.
- Шияпов Талапқали «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы
Ата-аналармен бірлесе кеңес өз жұмысын тұрақты жүргізіп келеді. «Мектепке жол» акциясы кезінде, жаңа оқу жылының ұйымдастыру іс-шараларында жан-жақты қадағалап, бірлесе жұмыс атқарып жүрміз. Алға қарайда кеңес жұмысын жалғастыра бермек.
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Ата –аналар кеңесінің 2018-2019 өткен оқу жылының қорытындысы бірауыздан ата-аналардың назарына алынсын;
- 2019-2020 оқу жылына арналған ата-аналар кеңесінің жаңа міндеттері бірауыздан мақұлдансын;
- «Қамқоршылық» кеңесінің 2019-2020 жаңа оқу жылына жаңа құрам бекітілсін;
Олар: Шияпов Талапқали – округ бас ветеринар маманы
Мүшелері:
- Хусайынов Нұрлан – мәслихат депутаты
- Құбаев Булат – ата-аналар кеңесінің мүшесі
- Құбашов Самиғолла – «Жаңаталап» округ әкімінің кеңесшісі
- Жақсымбетова Меңсұлу – бас маман
- Сағынғалиева Нұрбике – округ маманы
- Жексенбаева Арайлым – мектеп инспекторы
- Сұлтанов Болат – кәсіпкер
- Айтқалиев Мұқтар – кәсіпкер
- Оқушылардың жасына қатысты бақылауды күшейту қоғамдық ұйым мүшелері мен ата-аналардың назарына алынсын;
- Мектеп оқушыларының букмекерлік ставкаларға және құмар ойындарына қатысудың алдын алу сынып жетекшілері мен ата-аналар тарапынан бақылау күшейтілсін;
Төраға: Шияпов Талапқали Уәлитханұлы
Хатшы: Ищанова Мейрамгул Хамидоллаевна












